
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 10 ақпанында Қостанай облысы Әділет департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, зияткерлік меншік саласындағы жаңашылдықтарға арналған кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында авторлық құқықтың өзекті мәселелері, тауар таңбаларын тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері қаралды.
Түсіндіру жұмыстарымен Динара Хусаинова сөз сөйлеп, тауар таңбаларын тіркеудің жеделдетілген рәсімін енгізуге, тіркеуге қарсы қарсылық білдіру мерзімін ұзартуға, Бірыңғай цифрлық платформаның функционалына, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерін пайдалану жағдайындағы авторлық құқықты реттеу ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесу аясында сындарлы диалог орнап, оның барысында кәсіпкерлерге тауар таңбаларын тіркеудің негіздері мен тәртібі, өтінім беру мерзімдері, сонымен қатар Бірыңғай цифрлық платформамен жұмыс істеудің практикалық аспектілері түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ ашық және қауіпсіз іскерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі