Дәріс өткізілді

Дәріс өткізілді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 10 ақпанында Челябинск мемлекеттік университеті (ЧелГУ) Қостанайдағы филиалының студенттері үшін заң консультанты Юрий Калюжный «Корпоративтік дау» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар корпоративтік даулардың ұғымы мен түрлерімен, оларды сот тәртібімен қарау ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзекті сот тәжірибесімен танысты. Корпоративтік жанжалдардың туындау себептері және оларды құқықтық реттеу тетіктері қарастырылды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі