Федоров ауданына жұмыс сапары

Федоров ауданына жұмыс сапары

🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 5 ақпанында Фёдоров ауданында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың аудан әкімі Тауба Исабаевпен, аудандық мәслихат депутаттарымен, заң қоғамдастығының өкілдерімен, кәсіпкерлермен және аудан активімен бірлескен кездесуі өтті.
🔹 Кездесу барысында Департамент басшысы Әділет органдарының қызметі және жұмыстың негізгі нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. Атқарушылық іс жүргізу, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, азаматтық хал актілерін тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін тіркеу салаларындағы көрсеткіштері жайлы баяндады. Халыққа құқықтық қызмет көрсету сапасын арттыру, құқықтық көмектің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген салада заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар атап өтілді.
🔹 Баяндамада елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар мен заңнамаға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Негізгі заң нормаларын жаңарту құқық үстемдігі қағидатын нығайтуға, Парламент пен мәслихаттардың рөлін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.
🔹 Әділет жүйесін цифрландыру мәселесіне ерекше басымдық берілді. Кездесу қатысушыларына роботтандырылған сот орындаушысының, «Әділет» чат-ботының, «Құқықтық кабинет» сервисінің мүмкіндіктері, электрондық сенімхаттарды енгізу және мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алуға мүмкіндік беретін өзге де цифрлық құралдар түсіндірілді.
🔹 Жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді. Аудан тұрғындары сот актілерін орындау, берешекті өндіріп алу, мұрагерлікті рәсімдеу, құқықтарды тіркеу, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша жүгінді. Барлық өтініштер бойынша білікті консультациялар мен тиісті түсіндірмелер берілді.

🔹 Сонымен қатар, Фёдоров ауданының кәсіпкерлерімен тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері бойынша жеке кездесу өткізілді. Кездесу барысында жергілікті өндірушілер мен олардың өнімдері таныстырылды:
-«Фёдоровский дар» - күнбағыс майы;
-«LavRa», «OIL SUNNY» - күнбағыс майы;
- «Фёдоровские колбасы» - шұжық өнімдері;
- ЖК «Шрейдер Э.Р.» - «ИВЭК» брендімен шығарылатын шұжық өнімдері.
🔹 Кәсіпкерлерге брендтерді құқықтық қорғаудың және өнімді зияткерлік меншік объектілері ретінде тіркеудің артықшылықтары түсіндірілді. Бұл өңірлік тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі