
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 3 ақпанында Челябинск мемлекеттік университеті (ЧелГУ) Қостанайдағы филиалының студенттері үшін заң консультанты Галина Слободянюк «Тауар белгісін тіркеу» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер тауар белгісін тіркеудің негізгі кезеңдерімен танысып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, өтініштерді беру ерекшеліктері және ықтимал заңдық тәуекелдер туралы толық ақпарат алды. Студенттер сұрақтар қойып, практикалық жағдайларды талқылау мүмкіндігіне ие болды, бұл зияткерлік меншік саласындағы құқықтық реттеу қырларын тереңірек түсінуге септігін тигізді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі