Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?”

Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?”

Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?” 2026 жылдың 3 ақпанында Әділет департаментінің қызметкерлері маңызды да ізгі іске - қан донорлығы бойынша челленджге қатысты. Әрбір тамшы қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қатысу оңай, ал нәтижесі - баға жетпес! «Ешкім ертең өзіне немесе жақындарына донор қаны қажет болмайтынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан барлығымыз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек», - деп атап өтті біздің донорлар. Акцияға қатысқан барлық жандарға жанашырлығы мен ізгілігі үшін зор алғыс айтамыз!

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі