
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 30 қаңтарында «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының бөлім басшысы - аға сот орындаушысы Райхан Тлеубаева және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Шолпан Галеева 8-сынып оқушыларына «Отбасылық құқықтық қатынастардағы баланың құқықтары: теория және тәжірибе» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының отбасылық құқықтық қатынастар аясында балалар мен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі