Жұмыспен қамту дәл қазір және осы жерде» акциясы

Жұмыспен қамту дәл қазір және осы жерде» акциясы

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2026 жылдың 27 қаңтарында Әділет департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп «Жұмыспен қамту дәл қазір және осы жерде» атты облыстық акция өткізді.
Аталған шараға Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ оларды жұмыспен қамту саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру болды. Акция барысында мемлекеттік органдардың өкілдері мен жұмыс берушілер жеке кеңестер өткізіп, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынып, кәсіби бағдар беру бойынша ұсынымдар жасады.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі