Департамент басшысы Алия Аманжулованың Ресей Федерациясының (Краснодар қ.) «Сингента» ЖШҚ өкілдерімен кездесуі өтті

Департамент басшысы Алия Аманжулованың Ресей Федерациясының (Краснодар қ.) «Сингента» ЖШҚ өкілдерімен кездесуі өтті

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2026 жылдың 23 қаңтарында Департамент басшысы Алия Аманжулованың Ресей Федерациясының (Краснодар қ.) «Сингента» ЖШҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Беларусь Республикасында өткен СТОП контрафакт «Антиконтрафакт» жобасы шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері талқыланды.
Кездесудің мақсаты – контрафакт өнімдерінің айналымына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау, сондай-ақ кейстер бойынша өзекті ақпаратпен алмасу.
Сапар аясында Мемлекеттік кірістер департаменті, Экономикалық тексеру департаменті және «Атамекен» палатасының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қостанай облысының аумағында контрафакт өнімдерінің таралуын болдырмау жөніндегі өзара іс-қимыл және бірлескен жұмысты күшейту мәселелері қаралды.
Әділет департаменті заңсыз өнімдермен күрестің тиімділігін арттыру және азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау үшін бірлескен күш-жігер мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі