
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2026 жылдың 23 қаңтарында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізді.
«Ашық есік күні» барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу бойынша түсіндірмелер берілді, жеке консультациялар жүргізілді және «Adilet.gov» қосымшасын пайдалану тәртібі түсіндірілді.
«Adilet.gov» қосымшасы арқылы азамат өзіне салынған аресттерді көріп, жеке сот орындаушысының (ЖСО) қызмет ақысын есептей алады. Сонымен қатар бұл қосымша азаматқа жеке сот орындаушысының әрекеттері немесе әрекетсіздігі бойынша E-Otinish жүйесіне өтініш жолдамай-ақ, палата немесе прокуратурадан апталап жауап күтпей-ақ, мәселені өздігінен бақылауға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі