
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 16 қаңтарында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» филиалының АХАТ қызметкерлері үшін азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция шеңберінде жолданатын құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында аталған Конвенция аясында құжаттар бойынша туындап отырған мәселелер мен сұрауларды орындау тәртібі талқыланды.
Іс-шара барысында АХАТ желісі бойынша мәселелер, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қоюға құжаттарды қабылдау тәртібі қарастырылды.
2026 жылғы қаңтар айынан бастап азаматтар (қызмет алушылар) АХАТ-тың тіркеуші органының бас тартуын Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік акт ретінде шағымдануға құқылы.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі