
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2026 жылдың 6 қаңтарында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №24 мектептің аумағында қар тазалау бойынша волонтерлік акция ұйымдастырып, өткізді. Аталған бастама қысқы кезеңде оқушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында еңбекке құрмет, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталды. Мұндай іс-шаралар өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтып, жеке үлгі арқылы тәртіп сақтаудың және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсетеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі