Онлайн семинар-кеңес өтті

Онлайн семинар-кеңес өтті

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2026 жылдың 6 қаңтарында ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің ағымдағы жылдағы қызметінің қорытындылары бойынша онлайн-семинар-кеңес өтті. Іс-шара рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай стандарттарды қалыптастыруға, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ ықтимал құқықбұзушылықтар мен әкімшілік тәуекелдердің алдын алуға бағытталды. Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі