
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 26 желтоқсанында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Қостанай облысы Қостанай қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының АХАТ бөлімінде жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында келесі мәселелер бойынша құқықтық, практикалық және консультациялық көмек көрсетілді: - азаматтық хал актілерін тіркеу; - азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтар; - азаматтық хал актілерін тіркеудің проблемалық мәселелері. Іс-шара барысында проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары айтылып, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі