
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай облысының Прокуратурасымен бірлесіп Әділет департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының базасында тауар белгілерін қорғау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында кәсіпкерлермен конструктивті диалог жүргізіліп, бөгде тауар белгілерін пайдалану кезінде олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді және кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ ашық әрі қауіпсіз іскерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі