Шалғай аудандарындағы ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізілді

Шалғай аудандарындағы ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізілді

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызметі көрсету бөлімінің басшысы Балгуль Кудесова мен ҚР (ЗҚАИ) ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының басшысының орынбасары Дина Достиярова облыстың шалғай аудандарындағы ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді. Аталған ауылдық округтерде «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. Семинар барысында «Құқық кабинеттерінде» құқықтық көмек алу тәртібі, «Заң» деректер базасының ақпараттық жүйесі, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі, сондай-ақ ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысын ауыл тұрғындарына құқықтық ақпаратқа неғұрлым ыңғайлы және жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге, құқықтық кеңес беру сапасын арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі