Шалғай өңірде азаматтарды қабылдау

Шалғай өңірде азаматтарды қабылдау

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 19 желтоқсанында «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Озерное ауылында азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында сот шешімдерін орындау, борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша тыйым салу, алимент бойынша берешекті есептеу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетіліп, тәжірибелік кеңестер берілді. Әрбір жүгінген азаматқа қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес толық түсіндірмелер мен азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әрі қарайғы іс-қимылдар бойынша ұсынымдар берілді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі