Мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар.

Мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар.

 2025 жылғы 12 желтоқсанда Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, олардың жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Әділет департаментінің қызметкерлерімен семинар өткізді. Семинар барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінен келіп түскен хаттар талқыланды.

Іс-шара барысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде орын алған әкімшілік құқықбұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар туралы нақты деректер қызметкерлерге жеткізілді.

 Сондай-ақ, семинар аясында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты тәртібін қатаң сақтау және рұқсатты басқару жүйесі (СКУД) арқылы дер кезінде тіркелу қажеттігін атап өтті.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі