
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 10 желтоқсанда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының Әділет департаменттері эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары үшін ZOOM платформасында «Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы цифрландыру. Бірыңғай цифрлық платформа» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті төрағасының орынбасары Гүлнәр Кәкен және Ұлттық зияткерлік меншік институтының басқарма жетекшісі Аружан Ұлханова қатысты.
Семинар барысында Заңмен енгізілген жаңа нормалар түсіндірілді. Негізгі жаңалықтардың бірі – Бірыңғай цифрлық платформаның енгізілуі болды. Бұл платформа авторлық құқық объектілерін пайдалануды қадағалауға, сыйақыны әділ бөлуге және адами фактордың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Семинар соңында қатысушылар бұл мәселенің маңыздылығын бір ауыздан атап өтті. Тақырып көптеген қатысушылар үшін жаңа әрі өзекті болып, үлкен қызығушылық пен белсенді талқылауға себеп болды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі