«Жасанды интеллект және қазіргі әлемнің өзекті мәселелері»

«Жасанды интеллект және қазіргі әлемнің өзекті мәселелері»

2025 жылы 5 желтоқсанда «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің негізін қалаушы Зулхарнай Алдамжардың құрметіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияның тең ұйымдастырушысы — Малайзияның Халықаралық мәдени коммуникациялар орталығы.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзекті мәселелер талқыланды: «Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы адамдардың, әсіресе жастардың, дүниетанымы мен мінез-құлқына әсер етіп жатыр. Бұл үдеріс бүкіл адамзаттың өмір сүру салтын және әлемдік тәртіпті түбегейлі өзгертуде. Сондықтан бұған балама жол жоқ».

Конференцияның мақсаты – заманауи қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу: цифрлық технологиялар мен адам қызметінің үйлесімі, машиналық және тірі интеллекттің бірігуі. Конференцияда Малайзия, Индонезия, Қытай, Ресей Федерациясы, Назарбаев Университетінің жетекші университеттерінің ғалымдары мен профессорлары, сондай-ақ ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі.

Іс-шара ғылыми диалогты жалғастыру, бірлескен жобаларды іске асыру және ғылыми-білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу жөнінде келісімдерге қол жеткізумен аяқталды.

 


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі