
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 2 желтоқсанында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі мамандары жеке сот орындаушыларымен бірге Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында Әділет министрлігінің стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Стратегиялық жоспар жеке сот орындаушылары қызметінің белгіленген индикаторларына қол жеткізу және олардың жұмысын жүйелі бағалау тәсілін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Оның қолданылуы басым бағыттарды айқындауға, атқарушылық өндірістегі мәселелерді уақтылы анықтауға және оларды жою бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Кеңес барысында аталған индикаторлардың орындалу мәселелері қаралып, мониторинг нәтижесінде анықталған өзекті проблемалар белгіленді және атқарушылық құжаттарды орындаудың сапасы мен жеделдігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді. Сондай-ақ процесстерді цифрландыруға, іс жүргізу мерзімдерін сақтауға және заңнаманы қолдану тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі