Оқыту семинары өткізілді

Оқыту семинары өткізілді

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 3 желтоқсанында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.М. Абдикалыкова Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» филиалы бөлімінің инспекторларына оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қоюға құжаттарды қабылдау мәселелері, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 187 және 238-баптарына енгізілген соңғы өзгерістер қарастырылды.
Әділеттің аумақтық органдарына ӘҚБтК 491-бабында көзделген істерді неке қиюға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына жалған мәлімет бергені үшін қарау өкілеттігі берілген.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі