Азаматтарды қабылдау өтті

Азаматтарды қабылдау өтті

2025 жылдың 1 желтоқсанында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы азаматтарды қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында тууды, некені қию бұзу, қайтыс болуды тіркеу, аты-жөнін өзгертуді тіркеуге қатысты акт жазбаларын өзектілендіру мәселелері бойынша құқықтық, практикалық және консультативтік көмек көрсетілді. Азаматтарға «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді өзектілендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін алу мүмкіндігі, сондай-ақ АХАТ саласындағы жаңалықтар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қабылдау кезінде азаматтар құқықтық мәдениет пен құқықтық түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты сауалнаманы толтырды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі