
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 28 қарашасында Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай ауданының прокуратурасымен бірлесіп Заречный ауылында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясын өткізді.
Ауыл тұрғындарына тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.
Мамандар мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін, атқарушылық іс жүргізудің ерекшеліктерін түсіндіріп, тұрғындардың жеке сұрақтарына жауап берді. Мұндай шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға бағытталған.
Ұйымдастырушылар құқықтық ағарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі