Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні  Жітіқара ауданаралық әділет басқармасымен Мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен  мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелер бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Кездесу барысында заңды тұлғаларды, филиал мен өкілдіктерді тіркеуге  құжаттарды қабылдау, мерзімдері мен сапасы туралы  сұрақтары қарастырылды және электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың тиімділігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы айтылды.

         Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру  шешім қабылданды.

Жітіқара ауданаралық

әділет басқармасы