«Заң мен Тәртіп — жауапты ұрпақтың таңдауы!» атты интеллектуалдық ойын

«Заң мен Тәртіп — жауапты ұрпақтың таңдауы!» атты интеллектуалдық ойын

2025 жылдың 27 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған интеллектуалдық ойын өткізілді.
Қатысушылар зияткерлік меншік, атқарушылық іс жүргізу, нотариат, адвокатура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты маңызды бағыттар бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті.
Ойын қызықты форматта өтіп, әр команда тек білімдерін ғана емес, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттерін және командада жұмыс істей алу дағдыларын танытты.
Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық білімін нығайту, құқықтық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және заңға саналы көзқарасты қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық – өз құқығыңды қорғаудың кепілі.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі