Жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлердің аттестациядан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары

Жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлердің аттестациядан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары

2025 жылдың 21 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер тұлғалар үшін аттестаттаудан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының көмекшілеріне заңнама талаптары, аттестаттаудан өту кезеңдері және құжаттарды тапсыру тәртібі кеңінен түсіндірілді. Жүргізілген жұмыс аттестацияға дайындық сапасын арттыруға және жеке сот орындаушыларының санын арттыруға бағытталған.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі