
2025 жылдың 19 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері үшін Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова және ҚР Қостанай облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының уәкілі Тамерлан Ерденов құқықтық дәріс өткізді. Дәріс барысында киберқылмыс пен дроперлік деген не, қылмыстық схемаларға қатысудың салдары, құқықтық сауаттылық негіздері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Ең бастысы — өз құқықтарың мен міндеттеріңді білу және түсіну, заңсыз әрекеттерге «ЖОҚ» деп айта білу, заң мен қоғам алдындағы жауапкершілігіңді сезіну. Заң — абстракция емес, ол біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Заңды білу — өз еркіндігің мен қауіпсіздігіңді қорғау деген сөз!
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі