«Терроризм және оның салдары» тақырыбында семинар өткізілді

«Терроризм және оның салдары» тақырыбында семинар өткізілді

2025 жылдың 19 қарашасында «Заң мен Тәртіп идеологемасын іске асыру аясында Қостанай облысының Полиция департаментінің қызметкері А.К. Бапинов Әділет департаментінің қызметкерлеріне «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін құқықтық жауапкершілік, террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, терроризм көріністеріне төзбеушілікті дамыту, сондай-ақ терроризм қаупі төнген немесе жасалған кезде іс-қимыл тәртібін түсіндіру.
Кездесу барысында терроризм көріністерінің түрлері, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін оның жағымсыз салдары қарастырылды. Жауапкершілік, заңдылықты нығайту, сондай-ақ терроризм актілерінің алдын алуда әрбір азаматтың рөліне ерекше назар аударылды.
Семинар соңында қатысушыларға террористік сипаттағы қатерлердің алдын алу бойынша практикалық кеңестер ұсынылды.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі