
2025 жылдың 19 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Әділет министрлігінің Аппаратының басшысы С.А. Ерсеитованың төрағалығмен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Т.О. Нажиканов, сондай-ақ әкімшілік бөлімінің басшысы С.С. Аитова қатысты. Кеңес барысында 2025 жылдың 9 айы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстарының қорытындылары қаралды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кеңестің қорытындысы бойынша заңдылық қағидаларын одан әрі нығайту, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру және қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды жетілдіру қажеттігі атап өтілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі