«Adilet.gov» қосымшасы іске қрсылғаны туралы ақпараттық қолдау көрсету мәселесіне арналған дөңгелек үстел

«Adilet.gov» қосымшасы іске қрсылғаны туралы ақпараттық қолдау көрсету мәселесіне арналған дөңгелек үстел

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 12 қарашасында Қостанай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында азаматтардың өтініштерін азайту және оларды уақтылы қарауды қамтамасыз ету мақсатында «Adilet.gov» қосымшасын пайдалану мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Темірбек Нажиканов, сондай-ақ Қостанай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатасының, Заң консультанттары палатасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға «Adilet.gov» қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды. Қосымша азаматтарға өтініштерін тікелей жеке сот орындаушысына жолдауға мүмкіндік береді, олардың қарау мерзімі 5 жұмыс күніне дейін. Сонымен қатар, қосымша арқылы тұтқындау туралы мәліметтерді алу, атқарушылық құжаттарды іздеу және берешек сомасын есептеу қызметтерін пайдалануға болады.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі