Тағылымдама өткізілді

Тағылымдама өткізілді

2025 жылдың 11 қарашасында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.М. Абдикалыкова Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының №1 бөлімінің инспекторларына құжаттарды апостильдеуге қабылдау мәселелері бойынша тағылымдама өткізді.
Тағылымдама барысында электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау тәртібін түсіндіруге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі