
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 31 қазанында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді. Ұйымдастырушылар - ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет басылымы, PRG ақпараттық жүйесі және Prosud.kz интернет-басылымы. Акция аясында азаматтарға тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар тарапынан тегін және білікті заң көмегі көрсетілді. Қостанай облысы бойынша «Халық заңгері» акциясы шеңберінде 800-ден астам азамат құқықтық кеңес алды. Олардың барлығы өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты нақты ұсынымдар мен өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды. Мамандар қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, нақты өтініштерге байланысты құқықтық шешімдер ұсынды. Бұл бастама қоғамда тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен заң алдындағы жауапкершілігін арттыруда өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі