Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

2025 жылдың 30 қазанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы мемлекеттік органдардың өкілдері, ММИБ және ПИК төрағаларының қатысуымен «Moder Qazaqstan» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ММИБ мен ТББ дамыту мәселелеріне арналған семинарға қатысты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы 2025 жылғы 17 қыркүйектен бастап күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулерді іске асыру мәселелері болды.
Семинар барысында ММИБ құру және ПИК пен ПИТК қайта тіркеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысушыларға қойылған сұрақтар бойынша түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі