
2025 жылдың 30 қазанында Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасымен бірлесіп І. Омаров атындағы қазақ драма театрының, Облыстық орыс драма театрының, Облыстық қуыршақ театрының және Е. Өмірзақов атындағы филармонияның өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында авторлық және сабақтас құқықтар мәселелері, авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару тетіктері, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнамадағы өзекті өзгерістер талқыланды.
Шығармашылық орта өкілдерінің қатысуымен белсенді диалог өтті. Авторлық құқықтарды қолдау мен қорғау - өңірдің мәдени әлеуетін дамытудағы маңызды қадам.
Авторлардың құқықтарын қорғау - мәдениетті дамытудың кепілі, жаңа туындыларды жасауға серпін және шығармашылық еңбекке құрмет білдірудің көрінісі.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі