Консультация өткізілді

Консультация өткізілді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 28 қазанында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова ақын Сарсенбай Ниязбаевқа өлеңдер мен прозалық шығармаларға авторлық құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша консультация өткізді.
Кездесу барысында авторлық құқықты тіркеу тәртібі, автордың құқықтары мен міндеттері, шығармалардың заңсыз пайдаланылуынан қорғау жолдары түсіндірілді.
Шығармашылық еңбекті қорғау - мәдениетті құрметтеу мен дамыту жолындағы маңызды қадам.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі