«Зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес»

«Зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес»

2025 жылдың 28 қазанындаі Қостанай облысы Әділет департаменті «Бизнес Оптима» компаниясымен бірлесіп, Colgate-Palmolive Company және IWI AG (SPLAT сауда белгісінің иесі) компанияларының мүддесінде «Зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді.
Іс-шараға Қостанай облысының Полиция департаментінің, экономикалық қылмыстармен күрес, мемлекеттік кірістер және сауда салаларының өкілдері қатысты.
Тренингтің мақсаты - зияткерлік меншік саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің контрафактілік тауарларды анықтау бойынша біліктілігін арттыру. Іс-шара барысында құқық иеленуші компаниялардың тіркелген сауда белгілері және түпнұсқа өнімді контрафактілік өнімнен ажырату белгілері жөнінде ақпарат берілді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі