25 қазан - Республика күні қарсаңында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Департаменттің қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Бибигүл Мухитқызы Есекееваның ұлы, 3-сынып оқушысы Әділет Рүстемұлы Берікпен кездесті.
Кездесу барысында Департамент басшысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Департаментте өткізілген іс-шараға белсене қатысып, Абай шығармашылығына арналған танымдық бейнеролик дайындағаны үшін Әділетке алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.
Айта кетерлігі, баланың аты - Әділет, бұл өз кезегінде Әділет департаменті қызметімен үндес, әділдік пен парасаттылықтың нышаны іспеттес болды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі