
Республика күні мерекесі қарсаңында, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 22 қазанында Қостанай облысы Әділет департаменті Республикалық және облыстық адвокаттар алқаларымен бірлесіп «Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау - азаматтардың құқықтары мен заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау кепілі» тақырыбында конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты - адвокаттық қызметтің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, адвокаттардың кәсіби кепілдіктерін сақтау мәселелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдары, адвокаттар қауымдастығы мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.
Конференцияға Республикалық адвокаттар алқасының басшылығы (онлайн форматта), Қостанай облыстық адвокаттар алқасының, прокуратураның, экономикалық тергеу департаментінің, полицияның, облыстық соттың, қылмыстық-атқару жүйесінің басшылығы, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қатысты.
Талқылау барысында келесі мәселелер қарастырылды:
• адвокатура саласындағы заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары;
• адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау тетіктері;
• азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі адвокатураның рөлі;
• адвокаттардың құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс-қимылының практикалық аспектілері.
Конференцияның қорытындысы бойынша адвокатура институтын нығайтуға және азаматтар мен ұйымдардың құқықтық қорғалуының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі