2025 жылдың 21 қазанында Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова географиялық нұсқаулар мен тауар таңбаларын тіркеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында «Атамекен Дос» ЖШС-не барды.
Кездесу барысында географиялық нұсқауларды тіркеудің артықшылықтары, брендті құқықтық қорғау, өткізу нарығын кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ өзгенің таңбаларын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік шаралары талқыланды.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлерге зияткерлік меншік құралдарын дұрыс пайдаланып, өз бизнесін қорғауға және дамытуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі