«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 15 қазанында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске барлық өңірлік Әділет департаменттерінің басшылары онлайн байланыс арқылы қатысты. Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова ағымдағы жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша Департамент жұмысының одан әрі жетілдірілуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының орындау өндірісі бойынша қызметі, географиялық көрсеткіштерді тіркеу және басқа да бағыттар бойынша ұсыныстар берілді. Әділет министрі «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында қойылған міндеттердің орындалуының маңыздылығын атап өтіп, аумақтық бөлімшелердің қызмет тиімділігіне бақылауды күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі