Заң жобасын талқылау бойынша адвокаттық қоғамдастықпен кездесу

Заң жобасын талқылау бойынша адвокаттық қоғамдастықпен кездесу

А.ж. 13 қазанда Қостанай облысы Әділет департаментінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша адвокаттық қоғамдастықпен кездесу өтті.

Кездесу барысында адвокаттық қызмет пен заң көмегін реттейтін заңнамалық актілерге негізгі өзгерістер, атап айтқанда «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін енгізу және «заң консультациясы» ұғымын алып тастау мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жоспарланған өзгерістер бойынша ұсыныстар жолдау туралы хаттамалық шешім қабылданды.

 

Қостанай облысы

Әділет департаменті

баспасөз қызметі