1 қазан - Қарттар күні

1 қазан - Қарттар күні

1 қазан - Қарттар күні қарсаңында Әділет департаментінің қызметкерлері ардагерлер мен аға буын өкілдерін құттықтады.
Көп жылғы еңбектері үшін құрмет пен алғыс ретінде оларға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Мұндай кездесулер - қолдау көрсетудің ғана емес, өмірін еңбекке және жақындарына қамқорлыққа арнаған адамдарға шынайы құрмет білдірудің де мүмкіндігі.
Ізгі тілектер, күлкі мен ықылас мерекелік көңіл-күй сыйлап, қарттар әрдайым қасымызда екенін және олардың тәжірибесі мен даналығының баға жетпес екенін еске салады.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі