"Заң және тәртіп" идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР ІІМ ҚАЖК-нің РММ «38-мекеме» базасында «Жаңа өмірге жол» атты іс-шара өтті.
Сотталғандармен тәрбие және қайта әлеуметтендіру жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ҚАЖК«38-мекеме» РММ-де моральдық және рухани құндылықтарды қолдауға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, құқықтық мойынсұнушылық мінез-құлыққа уәждемені арттыруға, сондай-ақ сотталғандарды жазасын өтегеннен кейін қоғамға оралуға дайындауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға нотариустар мен сот орындаушылары қатысты.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі