”Ашық есік күні”

”Ашық есік күні”

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында "Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі" филиалында апта сайын ”Ашық есік күні” өткізіледі.
Аталған шара «Халық уәж мемлекет» қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Азаматтар атқарушылық іс жүргізуге қатысты сұрақтарға түсініктеме ала алады, сот шешімдерін орындау тәртібімен танысады және өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі