"StarLine"тауар белгісімен контрафактілік өнім жойылды

"StarLine"тауар белгісімен контрафактілік өнім жойылды

2025 жылдың 17 қыркүйегінде Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен бірлесіп жалпы саны 123 000 теңге сомасына 8 бірлік "StarLine"тауар белгісімен контрафактілік өнімді жойды.

Контрафактілік өнім "StarLine"компаниясы өкілінің өтініші бойынша тексеру іс-шараларының нәтижесінде алынды. Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулыларымен үш кәсіпкер ҚР ӘҚБтК 158-бабы бойынша бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әрқайсысынан 30 АЕК мөлшерінде айыппұл өндіріп алынды.

Контрафактілік өнімдер жойылуға жатады, өйткені құқық иесінің рұқсатынсыз өндірілген, жалған және сапа стандарттарына сәйкес келмейді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі