2025 жылдың 17 қыркүйегінде Әділет департаментінде «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара барысында департамент қызметкерлері азаматтарға алимент өндіру және төлеу мәселелері, мемлекетпен кепілдендірілген тегін заң көмегін алу, мұрагерлік және мүліктік құқықтарды рәсімдеу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер берді. Азаматтар өз құқықтарын қорғау жөнінде практикалық ұсынымдар алып, тегін заң көмегін алу тәртібімен танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі