«Контрафакттық тауарларды анықтауда халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар

«Контрафакттық тауарларды анықтауда халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар

2025 жылдың 11 қыркүйегінде Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова және зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова «Контрафакттық тауарларды анықтауда халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты. Семинар ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті мен React халықаралық қауымдастығының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
Шара барысында OSRAM, EPSON, Colgate-Palmolive, SONY, Xiaomi, Burberry, LENOVO, Huawei және тағы басқа халықаралық ұйымдардың мамандары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша табысты тәжірибелерін таныстырып, ынтымақтастық механизмдерімен бөлісті.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі