
2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Қостанай қаласы әкімдігінің №2 мектеп-лицейінің 7Л-1 сынып оқушысы Амира Аитовамен кездесті. Ол Департамент қызметкерлерінің балалары арасында өткен «Тіл - ең қымбат қазына» атты шығарма байқауында бірінші орынды иеленді. Жеңімпазға естелік сыйлық табысталды.
Бұл мереке ұлы қазақ ағартушысы, ғалымы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған.
Тілдер күні - Қазақстан азаматтарының барлығын, ұлты мен дініне қарамастан, достыққа, бірлікке және туыстыққа шақыратын мерекенің символы.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі