Тегін заңгерлік кеңес беру бойынша онлайн-акция

Тегін заңгерлік кеңес беру бойынша онлайн-акция

2025 жылдың 29 тамызында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Салтанат Альшимбаева Қостанай ауданы, Озерное ауылы тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру бойынша онлайн-акция өткізді. Кездесу азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, азаматтардың атқарушылық іс жүргізу бойынша қажетті ақпарат пен қызметтерді алуына мүмкіндік беретін жаңартылған AdiletGov мобильдік қосымшасының жұмыс істейтіні атап өтілді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі