Ағартушылық-мәдени бағдарлама аясында 2025 жылдың 29 тамызында Әділет департаментінің қызметкерлері картиналар галереясында ұйымдастырылған «Ұлы Даланың символикасы» көрмесіне барды.
Экспозиция қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері мен қолөнерінің бай символикалық мұрасын ашып көрсетеді. Ерекше назар жергілікті суретшілер - Баян Баталова, Лейла Аби, Динара Кипшакбаева, Инабат Жуматаева, Тазагуль Байтурина және олардың шәкірттерінің еңбектеріне аударылды. Олар Ұлы Даланың бейнелерін заманауи өнердің қырынан жеткізеді.
Көрмеге бару халықтың рухани мұрасы мен мәдени бірегейлігінің құндылығын еске салған шабыттандыратын оқиға болды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі